Жаңалықтар

11 қараша 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәт Тоқпақбаевты қабылдады.

С.Тоқпақбаев Президентке ағымдағы заң шығармашылық жұмыс туралы, атап айтқанда, биылғы жылдың тамыз айында қабылданған «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Президенттің Жарлығына сәйкес 18 заң жобасымен жұмыс барысы жайлы баяндады.

- Бұл заң жобаларының барлығы осы жылдың аяғына дейін қабылданатын болады, - деді журналистерге арналған брифингте Мәжіліс депутаты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар