Жаңалықтар

11 қараша 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Словения Республикасының Президенті Данило Тюркпен кездесті.
big-11.11

Ақордадағы ресми рәсімнен кейінгі кездесуде Қазақстан Президенті Н. Назарбаев пен Словения Президенті Д. Тюрк шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Словенияның ынтымақтастық және өзара іс-қимыл әрекетінің кең көлемдегі мәселелері талқыланды. Тараптар екі елдің іскерлік ынтымақтастығын тереңдету үшін келісімшарттық-құқықтық базаны және қолайлы жағдайды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. 

Қазақстан Словенияны Еуропалық Одақтағы маңызды және перспективалы серіктесі ретінде санайды. Қазақстанда негізінен сауда, автомобиль жолдарын салу және өңдеу өнеркәсібі салаларында словениялық капиталдың қатысуымен 18 кәсіпорын жұмыс жасайды. 

Келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қойылды, мемлекет басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 

Баспасөз конференциясы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның фармацевтика, ақпараттық технология, жол құрылысы, машина жасау саласы, ауыл шаруашылығы және туризм салаларында Словениямен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Словенияның Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі мәселесінде, сондай-ақ 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін өз алғысын айтты. 

Өз кезегінде Данило Тюрк бұл сапары Қазақстан мен Словения арасындағы қарым-қатынастарға жаңаша серпін беретініне сенімін білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар