Жаңалықтар

21 қаңтар 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Франция Президенті Николя Саркозиден Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығының басталуына байланысты жолдау-хат келіп түсті.

 

Француз мемлекетінің басшысы Қазақстанның осы тарихи миссияны орындап шығуына табыс тілеген. 

 

Хатта былай делінген: «Мен Қазақстан аталған мүмкіндікті пайдалана отырып, өзінің іргелі қағидаттары мен осы Ұйымның құндылықтарын ұстанатындығын тағы да дәлелдейді деп сенемін. Сіздердің төрағалықтарыңызды табысты өткізуге қол жеткізуде Сіз Францияның қолдауына және жеке менің қолдауыма сенсеңіз болады. 

 

Мен 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін өткізу идеясы жаңа қолдауға ие болатынын қанағаттанарлық сезіммен атап өтемін. Біз әлі нақты шешім қабылдамағандармен бірлескен жұмысты жалғастыруымыз қажет.

 

Сіз біздің елдеріміздің арасындағы тығыз қарым-қатынастарға менің қандайлық мән беретінімді білесіз. Біздің өткен жылғы қазанда Астанадағы кездесуіміз оған жаңа серпін берді. Бұдан былай да біз осы қарқынды ұстауымыз керек. 

 

Мен осы сапар барысында біздің тарапымыздан қабылданған президенттік комиссияны құру туралы шешімді осы тұрғыдан қарастырамын. Біздің мақсатымыз тиімді және икемді екі жақты ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады». 

 

Николя Саркози Президентке және барша Қазақстан халқына 2010 жылы бақыт және өркендеу тілеген. Ол сондай-ақ таяу уақытта Нұрсұлтан Назарбаевпен оның Парижге сапары кезінде кездесетініне сенім білдірген.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар