National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Жайсаңбаев Қанатбек Бақытұлы

 

1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінен экономика және бизнес мамандығы бойынша бакалаврды тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының Қызылорда филиалында оқытушысы ретінде бастаған;

2001 жылдың тамызынан ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің бас маманы;

2001 жылдың желтоқсанынан Қызылорда облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, 2003 жылдан Қызылорда облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің  меңгерушісі;

2005 – 2007 жылдары – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы;

2007 – 2008 жылдары  – «Kazakh Integrated Services» ЖШС және «CNRG Capital» ЖШС-нің Астана қаласындағы өкілдігінің заңгері;

2008 – 2016 жылдары –   Қызылорда облысы әкімінің аппарат жетекшісінің орынбасары, аппарат жетекшісі;

2016 жылдың қазан айынан  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің  мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде мемлекеттік инспектор,  бөлім меңгерушісінің орынбасары  қызметтерін атқарды.

2021 жылы сәуір айында Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2022 жылы 9 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2018) және бірнеше медальмен марапатталған.

Үйленген, үш баласы бар.

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 07 маусым

Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті

2023 жылғы 10 маусым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2023 жылғы 10 маусым

С.Д. Шәріпхановты тағайындау туралы