National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста Мемлекеттік комиссияның ғылыми және баспа қызметінің нәтижелері қаралды, архивтердегі зерттеулерден жиналған материалдар зерделенді, электрондық порталдың жұмысы туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ өңірлік комиссиялардың жұмысы туралы есеп тыңдалып, олардың ғылыми жинақтарын дайындау жөніндегі жобалардың іске асырылу барысы қаралды.

Сонымен қатар жиында Мемлекеттік комиссия мүшелері архивтерде жүргізілген зерттеу жұмыстары барысында табылған, жазушы әрі ақын Жүсіпбек Аймауытов жазды делінген «Әзір өлмеймін» («Тез өлмен») шығармасын таныстырды. Ол Президент Архивінің ғылыми-іздестіру жұмыстары кезінде табылған болатын. Президент Архивінің директоры Ә. Мұстафина шығарманың қалай табылғаны және оған жүргізілген зерттеу жұмыстары жайында айтты. Аталған шығарманы филологтар мен әдебиеттанушылар тағы да зерттейтін болады.

Отырыс қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жалғастыруға, өңірлік комиссиялардың материалдарын шығаруды жүйелендіруге, жабық қорлардың материалдарын цифрландыру және құпиясыздандыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалар берілді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы