National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі - Президент) құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

Әкімшіліктің  миссиясы Президенттің қызметін  ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.

Әкімшіліктің негізгі міндеттері:

1) Президенттің мына салалардағы:

  • сыртқы саясаты;
  • әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;
  • қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;
  • құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;
  • кадр саясаты;
  • Қазақстан Республикасы Парламентіне қатысты (бұдан әрі -Парламент);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі -Үкімет) және орталық атқарушы органдарға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне қатысты;
  • соттар мен судьяларға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;
  • жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;
  • өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының  (бұдан әрі - Мемлекеттік хатшы), Қазақстан халқы Ассамблеясының және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

3)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын  өзге де міндеттер болып табылады.

Жүктеу: «Әкімшілік туралы ереже»

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 379-VI Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалар) осы бұйрықтың 1 – 4-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Е.К.Арпабаев бюджеттік бағдарламалардың орындалуы үшін жауапты болып белгіленсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасы

Президенті Кеңсесінің бастығы                                                                                   Н.Онжанов

 

 

Бұйрыққа №1 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №2 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №3 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №4 қосымшаны мына жерден қараңыз


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 19 сәуір

Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады

2021 жылғы 23 сәуір

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады

Жарлық

2021 жылғы 19 сәуір

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: