National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен құттықтауы

2019 жылғы 10 қазан

Құрметті кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері!

 

Сіздерді Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен құттықтаймын!

Қазіргі кәсіподақтардың қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді.

Кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен жұмысшылары, қозғалыс белсенділері өздерінің уақыттары мен күш-жігерін еңбек адамының құқығының сақталуына жұмсап жүрген қайраткерлер.

Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, шығармашылық күш-қуаттарыңыз отандастарыңыздың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Біздің еліміздің кәсіподақтары еңбеккерлерге лайықты құрмет көрсетілетін жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға ықпал етуде.

Сіздерге қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметінде жаңа жетістіктер тілеймін.

Кәсіподақтардың әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген даңқты дәстүрі беки берсін!


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің