National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Словенияның бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесті

2019 жылғы 11 қараша

Қасым-Жомарт Тоқаев «Astana Club» халықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Словенияның бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесу өткізді.

Тараптар БҰҰ-ның даму жағдайын талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Барлық салалар бойынша, атап айтқанда, экономикалық бағыттағы көпжақты ынтымақтастықты нығайту қажеттігі сөз болды.

Словениялық саясаткер 2020 жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының Министрлер конференциясы табысты болатынына сенім білдіріп, Қазақстанның көпжақты байланыстарда, оның ішінде, сауда және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде белсенді рөл атқаратынын жеткізді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің