National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады

2019 жылғы 31 шілде

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстанның ұлттық театрларының жай-күйі, кинематография саласының жағдайы туралы мәлімет берілді.

Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстан Президентіне өңірлердегі театрлардың шығармашылық жағдайы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы жас мамандарды дайындау барысы және басқа да мәселелер туралы баяндады.

Сонымен қатар, Қазақстанның театр қайраткерлері одағының мәртебесін арттыру мәселесі жайлы да әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино өнері еліміздің мәдени-рухани дамуында айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Сондықтан, осы салалардың дамуына ерекше көңіл бөліп, әрдайым қолдау білдіретінін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 12 қаңтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің