National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэйді қабылдады

2015 жылғы 15 сәуір

 

Кездесу барысында Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының одан әрі дамуының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің алдағы мемлекеттік сапарының дайындығына қатысты мәселелер талқыланды.

Елбасы екі ел арасындағы достық және сенімге құрылған қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтті. 

– ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның былтырғы сапары табысты болды, біз бірқатар маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Қытайдың «Бір белбеу, бір жол» бастамасы мен біздің «Нұрлы жол» бағдарламамыздың ұқсастықтары көп. Біздің елдеріміздің іс-қимылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысында да тоғысады, газ құбыры мен теміржолдар салудамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚХР елшісі Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары өркендеп отырғанын, өзінің даму тарихында ең жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.

– «Қазақстан-2050» Стратегиясы және «Қытай арманы» бағдарламасы да мақсаты мен мерзімі жағынан ұқсас. Қазақстан мен Қытай тату көрші ғана емес, стратегиялық серіктес те болып саналады. Біз Қазақстанның ел ішіндегі және өңірдегі тұрақтылықты сақтауға бағытталған ұмтылысын қолдаймыз. Қытай тарапы достық пен екіжақты қарым-қатынастарды жоғары бағалайды, – деді Ч.Ханьхуэй.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің