National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы «Шелл» концернінің атқарушы бас директоры Бен ван Берденді қабылдады

2015 жылғы 04 мамыр

 

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы жұмысы және еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қатысуы мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ ынтымақтастықтың түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін қамтитын перспективалы бағыттары да сөз болды. Тараптар өзара іс-қимыл аясын одан әрі жандандыру мен кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Президенті компания қызметіндегі өзгерістерге, оның  «Би Джи Групп» компаниясымен бірігуі жоспарланып отырғанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасындағы ірі инвестордың бірі ретінде «Шелл» Қашаған кенішін игеру жобасында маңызды рөл атқаратынын айтты.

Мемлекет басшысы компанияның міндеттемелеріне өзгерістер оң ықпал етеді деп үміттенетінін жеткізді.  

Б.Берден Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, бұл сайлау ел үшін ғана емес, шетелдік инвесторлар үшін де тұрақтылықтың айғағы болып саналатынын айтты.

Сонымен қатар, «Шелл» концернінің атқарушы директоры Мемлекет басшысының былтыр Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу үшін Нидерландқа сапарлап барғанында оған «Президент Назарбаев» деп аталған қызғалдақтың жаңа сорты таныстырылғанын еске салды. Соған орай Б.Берден Нұрсұлтан Назарбаевқа Голландиядан әкелінген осы сорттың жаңа кесілген гүлін сыйлады. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің