National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге жұмыс сапарымен келген Иордания Королі Абдалла II-мен кездесті

2014 жылғы 20 маусым

 

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту  перспективалары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдалла II халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Қазақстан Президенті екі ел және олардың көшбасшылары арасында өзара сенімге негізделген жақын қарым-қатынас қалыптасқанын айтты. Бұл ретте ол Иорданияның  жалпы Таяу Шығыста маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Абдалла II Қазақстанға келуге шақыртуы үшін алғысын айтты, сондай-ақ еліміздің көп жылдар бойғы, соның ішінде сириялық босқындар мәселесі бойынша көрсеткен қолдауы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа Иордан халқы атынан ризашылығын білдірді.

Екі мемлекет көшбасшылары өзара ықпалдастықтың әлеуетін жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағытта басымдығы бар бірқатар шараларды қарастырды. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің