National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады

2015 жылғы 18 тамыз

 

Кездесу барысында Қ.Келімбетов елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің ахуалы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев күрделі экономикалық жағдайға байланысты көп нәрсе Ұлттық банктің жұмысына, сондай-ақ мемлекеттің ақша-несие саясатына тәуелді екенін атап өтті.


Бюджеттің жағдайының нашарлауына, барлық экспорттық тауарларымызға бағаның төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің жұмысын жоғары біліктілікпен жүргізуі аса маңызды, – деп атап өтті Қазақстан Президенті.


Ұлттық банк төрағасы биылғы қаңтар мен маусым аралығы кезеңінде инфляция 1,4 пайызға тең болғанын, бұл ретте жылдық инфляция 3,9 пайызды құрағанын айтты.


Бұл осы уақытқа дейінгі ең төмен көрсеткіш, яғни біз инфляцияны 3-4 пайыз деңгейінде сақтау жөніндегі тапсырманы орындадық. Бұл орайда, Ұлттық банктің жиынтық халықаралық резерві 29 миллиард доллар болды. Салымдар бірінші жартыжылдықта 2,3 пайызға ұлғайды. Сонымен қатар, төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен қарыздар үлесін азайту мәселесі шешілді, бұрын оның көлемі 33 пайызға жеткен болса, қазіргі уақытта ол 9,98 пайызға дейін төмендеді, – деді Қ.Келімбетов.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің