National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

2014 жылғы 23 сәуір

 

Кездесу барысында қордың қазіргі қызметінің мәселелері, алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы талқыланды.

Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау бағдарламасын әзірлеуді қыркүйекке дейін аяқтауды, оны қордың барлық корпоративтік органдарында талқылауды және Үкімет қарауына енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев алдағы кезде қор бірқатар орта және шағын компанияларын сатуды барынша ашық және әділ нарықтық баға бойынша жүргізуі тиіс екендігін атап өтті.

Ө.Шөкеев қорды трансформациялаудың корпоративтік орталықтар мен қордың еншілес компанияларының бизнесін басқару саясатын да өзгертуді қамтитын бағдарламасын әзірлеу барысы туралы баяндады.

Бұған қоса, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы жекешелендірудің жаңа кезеңіне дайындық аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Атап айтқанда, ол қор құрамынан 200-ден аса компанияны шығару, сондай-ақ «КЕГОК» компаниясының өз акциясынан 10%-ын орналастыратын «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу жөніндегі жоспарлардан хабардар етті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.  


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің