National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V сьезіне қатысуға келген Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті

2015 жылғы 09 маусым

 

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар негізгі мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Елбасы Финляндия Президентіне Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы V сьезіне қатысатыны үшін алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ мемлекетаралық қарым-қатынастардың табысты дамып келе жатқанына назар аударып, Финляндия Президентінің елімізге 2013 жылғы сапары экономика мен басымдығы бар өзге де салалардағы ынтымақтастықтың жандана түсуіне септігін тигізгенін атап өтті.

С.Ниинистё Мемлекет басшысына шақыруы үшін алғыс айта отырып, екіжақты байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 20 мамыр

Мемлекет басшысы «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді

2024 жылғы 21 мамыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді

Жарлық

2024 жылғы 17 мамыр

Н.И. Қилыбайды тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің