National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Парламент Мәжілісіндегі фракция басшыларымен кездесті

2015 жылғы 29 сәуір

 

Қазақстан Президентінің лауазымына кірісуіне байланысты ел Үкіметі өз өкілеттігін доғарды, сондай-ақ Президентке тікелей бағыныстағы және оған есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігін тоқтатты.

Мемлекет басшысы ел алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру қажеттілігін ескере отырып, Үкіметтің басталған жұмысты жалғастырғаны жөн екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Премьер-Министр лауазымына Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын ұсына отырып, Үкімет пен Парламенттің үйлесімді жұмысының маңызды екенін айтты.

«Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жетекшісі В.Косарев бұл шешім жан-жақты салмақталғанын атай келе, қолдау білдірді.

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының  басшысы А.Перуашев ұсынысты қолдап, К.Мәсімовтің дағдарысқа қарсы басқару тәжірибесіне назар аударды.

«Нұр Отан» фракциясының басшысы Д.Назарбаева да ұсынысты қолдады және депутаттар мен Үкімет арасында қалыптасқан сындарлы қарым-қатынас олардың өзара іс-қимылына оң ықпал ететінін атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің