National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысты

2015 жылғы 16 сәуір

 

Екі ел басшысының қатысуымен өткен отырыс барысында түрлі салалардағы екіжақты ықпалдастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ «Жаңа Синергия»  бірлескен экономикалық бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары қарастырылды.

Н.Назарбаев Р.Ердоғанның елімізге әр сапары екі елдің қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған елеулі табыстарға толы болып келетінін атап өтті.

– Осы жолғы сапар да қазақ-түрік байланыстарында терең із қалдырғаны даусыз. Түркия Қазақстанның ең жақын әрі сенімді серіктестерінің бірі болып саналады. Елдеріміздің ортақ тарихқа, тіл мен рухани қазынаға негізделген қарым-қатынасы қызу қарқынымен ерекшеленеді, – деді Мемлекет басшысы.

Отырысқа қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін және оны болашағы бар бағыттар бойынша бірлескен жобалар арқылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің