National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстанның зияткерлік және жалпы орта білім беретін мектептерінің мұғалімдері мен тағылымдамадан өтушілерінің хаты

2013 жылғы 11 желтоқсан

 

Өз хатында авторлар «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Финляндияда ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтуге жасалған мүмкіндік үшін Мемлекет басшысына айрықша жылы лебізбен  алғыстарын жеткізген.

Мұғалімдер мен тағылымдамадан өтушілер әлемнің үздік педагогикалық инновациялық тәжірибелерін танып-білу оны еліміздің орта білім саласына енгізуге және бейімдеуге мүмкіндік беретінін атап өткен.

«Біздің оқуымыз Финляндия Президентінің Астанаға 2013 жылғы сәуір айындағы ресми сапары барысында Сіз қол жеткізген уағдаластықтың арқасында мүмкін болды. Біздің ғылыми-педагогикалық тағылымдамамыз «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 20 жылдық мерейтойына орайлас келгені біз үшін екі есе мәртебе. Міне, 22 жыл еліміз Сіздің басшылығыңызбен алға нық қадам басып келеді. Қазақстаннан жырақта жүріп те біз өз Отанымыз үшін мақтанышты сезінеміз», – делінген хатта.

Хат иелері Қазақстанның жетістіктерін, әсіресе Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған білім саласындағы инновациялық жобаларды финляндиялық әріптестерінің жоғары бағалайтынын жеткізген.

Хат соңында мұғалімдер мен тағылымдамадан өтушілер Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, ал елімізге бақ-береке тілеген.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің