National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына орай Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады

2013 жылғы 10 қазан

 

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев И.Әлиевтің ел Президенті лауазымындағы қызметі Әзербайжанды одан әрі жан-жақты дамытуға және гүлдендіруге мүмкіндік беретініне сенім білдірген.

– Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестіктің аясы алдағы уақытта да кеңейіп, халықтарымыздың игілігі жолында нығая түсетін болады, – деп атап өткен Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті соңында И.Әлиевке зор денсаулық, қызметінде жаңа биіктер, ал бауырлас әзербайжан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеген. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

2026 жылғы 06 маусым

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің