National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы «Назарбаев Университет» Автономды білім беру ұйымының зерттеу орталықтары мен NURIS пилоттық технопаркін аралап көрді

2015 жылғы 03 наурыз

 

Нысанды аралау барысында Мемлекет басшысы елеулі жетістіктермен және университетте жүзеге асырылып жатқан ғылыми-инновациялық қызметтің нәтижелерімен танысты.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаевқа  геномдық зертхана және персоналды медицина жұмысы көрсетілді. Қазақстан Президенті сондай-ақ биосенсорлар мен биоқұралдар, ағысты цитометриялар,  иммунобиология және микроскопия зертханаларын аралап көрді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы NURIS технопаркінде университеттің оқытушылары мен студенттері әзірлеген жоғары технологиялы жобаларымен танысты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми қызметкерлердің атқарған жұмысына жоғары баға берді. Қазақстан Президенті сондай-ақ «NURIS» және Өмір туралы ғылымдар орталығы ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелері еліміздің игілігіне, оның дамуы мен халқын сауықтыру үшін тиімді пайдаланылуы тиіс екенін атап өтті.

***

Бүгінде Назарбаев Университетінде оқу орнының академиялық бөлігін, ғылыми орталықтарды және NURIS ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жүйесін  біріктіретін зияткерлік-инновациялық кластер жүзеге асырылуда.

Университет базасында үш ғылыми орталық құрылған: Энергетикалық зерттеулер орталығы, Пәнаралық орталық және Өмір туралы ғылымдар орталығы, оларда мектеп профессорлары және 160-тан астам ғылыми қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың көпшілігі шетелдік үздік университеттерде білім алған. Арасында халықаралық деңгейдегі жетекші ғалымдар мен шет елдерден оралған қазақстандық зерттеушілер де бар.

Ғылыми орталықтарда энергетика, машина жасау, шикізатты терең өңдеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өмір туралы ғылым сияқты ел үшін басымдығы бар бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіледі. Мәселен, болашақтың энергиясын дамыту жобалары үшін әлемге әйгілі ғалым-астрофизик, космолог, Нобель сыйлығының лауреаты Д.Смут шақырылған.

Университеттің ғылыми орталықтары өз бағдарламаларын АҚШ-тың, Еуропаның, Жапонияның  танымал ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықта жүзеге асырады. Университетте барлығы 170 ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар іскер асырылуда, оларға студенттер де белсене қатысады.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің