National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы Украина Президенті Петр Порошенкомен бірге Қазақстан-Украина бизнес-форумының жабылу рәсіміне қатысты

2015 жылғы 09 қазан

Іс-шараға екі жақтан 500 делегат қатысты, олардың қатарында жеке бизнестің, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері бар.

Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті қазіргі кезеңде екі елдің өзара тиімді экономикалық байланыстарын нығайту қажеттігін атап өтті.

Қазақстанда Украина капиталының қатысы бар 400 кәсіпорын жұмыс істейді және сіздердің өзара ықпалдастықты жалғастыруға деген ықыластарыңызды жоғары бағалаймыз. Бірақ біздің ынтымақтастығымыздың әлеуеті толық пайдаланылыған жоқ. Елдеріміздің арасындағы тауар айналымы бірқатар себептерге байланысты 2 есе дерлік қысқарды. Соған қарамастан, жағдайды түзеу үшін көптеген мүмкіндіктеріміз бар, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Украина бизнесмендерінің кездесуі елдеріміздің іскер топтары арасында байланыс орнатуға септігін тигізеді деген пікірін білдірді.

Бүгінгі шарада бірнеше меморандумға қол қойылды, көптеген перспективалы жобаларға қатысты қызу келіссөздер жүргізілуде, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы делегаттарға елдеріміздің арасындағы мейлінше перспективалы саналатын сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттар туралы айтты.  

Әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимылды жалғастырған жөн, Қазақстан мен Украинаның транзиттік әлеуетін пайдалану ісі, атом энергетикасы мен ғарыш саласындағы ынтымақтастық басымдыққа ие болуы тиіс. Украина компаниялары бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік жолы мен Каспийден Қытай шекарасына дейінгі теміржолдың транзиттік мүмкіндіктерін пайдалана алады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті украиналық серіктестерді өңдеуші өнеркәсіпте, металлургияда, мұнай химиясы мен машина жасау саласында, құрылыс материалдарын шығару және азық-түлік өнеркәсібінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру ісіне белсене қатысуға шақырды.

Мемлекет басшысы шараға қатысушыларға елде жүзеге асырылып жатқан индустриялық даму бағдарламалары, «Нұрлы жол» және Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» ұлт жоспары туралы әңгімеледі, сондай-ақ Украина тарапын Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.

Украина Президенті бүгінгі келіссөздер екі елдің бизнес өкілдері арасындағы тиімді ынтымақтасты бастап кету үшін мейлінше қолайлы сәт болып саналатынын атап өтті.

Украина басшысы сондай-ақ өз елінде жүзеге асырылып жатқан «Украина – 2020» стратегиясының негізгі қағидалары туралы баяндады, бұл құжат 62 саланы реформалауға бағыталған. Биліктің жария секторының реформасы, құқық үстемдігі, инвестициялық климат қалыптастыру, жемқорлықпен күрес және ауқымды жекешелендіру – солардың негізгілері.

П.Порошенко іскер топ өкілдерін бірқатар перспективалы салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға шақырды.

 Күш-жігер жұмылдырып, жұмысты бастау үшін бүгінгі кезең өте қолайлы, – деді Украина Президенті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің