National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Тараз қаласы әуежайын қайта құрылымдаудың жай-күйімен танысты

2013 жылғы 21 қараша

 

Қазақстан Президентіне әуежайдың 3,4 млрд. теңге көлеміндегі жеке инвестиция есебінен іске асырылатын ұшу-қону алабын қайта құрылымдау жобасы таныстырылды.  

Бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесінде алаптың ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын болады, ол қазіргі заманғы ұшақтардың барлық түрін қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, әуежай иелері аяқталуы келесі жылдың көктеміне жоспарланған жолаушылар терминалына да қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізуде. Алаңы 5,5 мың шаршы метрлік жаңа жолаушылар терминалы барлық заманауи талапқа сай келеді және жоғары деңгейде көрсетілетін қызмет пен жолаушылар ағынының айтарлықтай өсуін өзара үйлестіруге мүмкіндік береді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің