National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испания Корольдігіне жұмыс сапары аясында «Patentes TALGO S.A.» компаниясының президенті Карлос Паласио Ориольмен кездесу өткізді

2013 жылғы 05 ақпан

Кездесу барысында теміржол жабдықтарын әзірлеу, өндіру және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ жайлылылығы мен қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі жолаушылар вагондарының бірлескен өндірісі саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.  

Қазақстан Президенті «Talgo» компаниясымен ынтымақтастықты дамытудың келешегі зор екенін, соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлескен вагондар өндірісі жобасы іске асырылып жатқанын айтты.

- Қазірдің өзінде 70-тей вагон құрастырылды. Таяу келешекте оның өндірісін 150-ге дейін жеткізу жоспарлануда. Испания королі Хуан Карлоспен теміржол саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласқанымыз есімде. Бүгінде нақты нәтижеге қол жеткізілді. Қазір біздің алдымызда Астана мен Алматы арасында жоғары жылдамдыққа арналған теміржол құрылысын салу міндеті тұр. Біз бұл салада одан әрі жұмыс істей береміз деп ойлаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

К.Ориоль өзінің компаниясы 10 жыл бойы қазақстандық серіктестерімен бірлесіп іс-қимыл жасап келе жатқанын, бүгінде бұл жұмыста нақты нәтижелер бар екенін атап өтті.

- Қазақстан Президентінің теміржол саласын, алғашқы кезекте жоғары жылдамдыққа арналған теміржол көлігін дамытуға қарымды және айқын көзқарас танытатыны бізді қуантады. Біз үшін Қазақстанмен ынтымақтастық маңызды болып саналады. Біз оның екі тараптың игілігі жолында одан әрі дами беруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, - деді «Patentes Talgo S.L.» компаниясының басшысы.           

Бүгінде Қазақстанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Patentes Talgo S.L.»-ның бірлескен жобасы – «Тұлпар-Тальго» ЖШС жолаушылар вагондары өндірісі зауыты жұмыс істейді. Жобаның мақсаты ішкі нарық пен ТМД елдеріне экспорт сұранысын өтеу үшін жылына 150-ге дейін жолаушылар вагондарын шығару болып саналады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің