National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы Свердлов облысының және Урал федералдық университетінің басшылығымен кездесті

2015 жылғы 16 қыркүйек

 

Кездесу барысында Свердлов облысының губернаторы Е.Куйвашев екі елдің арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға және шекаралық өңірлер арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

Ал Урал федералдық университетінің ректоры В.Кокшаров Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекеттік қызметтегі айрықша еңбегін бағалаудың белгісі ретінде Құрметті доктор дипломын тапсырды. Ол сондай-ақ Мемлекет басшысына бірлескен бірқатар инновациялық жобалар бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтасып отырғанын, бұл жобалар таныстырылымы Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде өтетінін айтты.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Свердлов облысы мен Урал федералдық университеті Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы тығыз достық қарым-қатынастарды нығайтуда зор рөл атқарып отырғанын атап өтті.

Сіздің университет индустриялық аймақтардың кадрлық әлеуетін қалыптастыру және дамыту ісіне Ресейде ғана емес, біздің елде де зор үлес қосып отыр. Менің білуімше, бүгінде Қазақстаннан 700-ге жуық студент Б.Ельцин атындағы Урал федералдық университетінде білім алуда. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен университеттің ынтымақтастық туралы келісімі болғаны маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті мүмкіндік туған жағдайда университет студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы алдында дәріс оқуға дайын екенін де мәлімдеді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің