National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы сөйлесу

2014 жылғы 14 наурыз

 

Британ тарапының бастамасымен өткен телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан-Ұлыбритания қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, соның ішінде Д.Кэмеронның 2013 жылғы шілде айында Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды.

Әңгімелесу кезінде халықаралық саясат мәселелері, сонымен бірге алдағы 24-25 наурызда Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке дайындық жөнінде де пікір алмасылды. Украинадағы ішкі саяси жағдайдың өрістеуіне баса назар аударылды.

Екі елдің көшбасшылары Украина дағдарысын дипломатиялық келіссөздер жолымен және халықаралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана отырып бейбіт реттеу қажеттігін қуаттады.

Сондай-ақ, тараптар қалыптасып отырған жағдайдың шешімін табу Украинада халықаралық құқықтық барлық базалық нормаларын қалпына келтіру арқылы бейбіт жолмен жүзеге асырылуға тиіс екенін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің