National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның құттықтау жеделхаты келіп түсті

2019 жылғы 10 маусым

Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоған өзінің және түрік халқының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Саяси тұрақтылық сабақтастығының маңызды көрсеткіші ретінде осы сайлаудың табысты аяқталғанына қуанышты екенін айтқан Түркия Президенті Қазақстанның алдағы дамуына сенім білдірді.

«Қазақстанның тыныштық пен тұрақтылық жолындағы қадамдарын одан әрі жалғастыра түсетініне және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қоса беретініне күмәнім жоқ. Халықтарымыз арасындағы тарихи және ежелгі достыққа негізделген Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мырзамен біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында жоғары деңгейге жетті. Осы орайда, елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды барлық салада одан әрі дамыту үшін жұмыс істеуге дайын екенімді атап өткім келеді», – делінген жеделхатта.

Түркия Президенті Мемлекет басшысына денсаулық, бақыт тіледі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің