Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің міндеттері мен функциялары: 1-міндет: Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекет қауіпсіздігі мәселелері бойынша қызметін қамтамасыз ету; мемлекет қауіпсіздігі жедел мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Әкімшілік басшылығының қатысуымен іс-шаралар әзірлеу мен өткізу; құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің жұмысын талдау және жинақтау, олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау; 2-міндет: Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс пен әскери қауіпсіздік мәселелері бойынша қызметін қамтамасыз ету: мемлекет қауіпсіздігі мен қорғанысы мәселелері бойынша саясатты мемлекеттік органдардың іске асыруына, бекітілімге сәйкес Президенттің актілері мен тапсырмаларын орындалуына бақылауды жүзеге асыру; Президентке қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері бойынша шешімдер мен осы шешімдерді іске асыру бойынша шаралар қабылдау үшін; 3-міндет: Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін қамтамасыз ету: құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында нормативтік құқықтық актілер мен өзге де актілердің жобаларын әзірлеу мен сараптама жасауға, және олардың орындалуына мониторинг жүргізуге қатысу; азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және оларды талдау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының қызметі мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар жариялау; 4-міндет: Президенттің қауіпсіздік мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін ақпараттық және талдамалық қамтамасыз ету: қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету салаларындағы қызмет мониторингі мен талдауы және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау; шет елдердің қарулы күштерінің, арнаулы қызметтерінің, құқық қорғау органдарының тәжірибесін зерделеу мен жинақтау; елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы ахуал туралы ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау; Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратымен бірлесіп Республика Президентінің жанындағы қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына құжаттар дайындауға қатысу. Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі Алексей Дмитриевич Калайчиди