National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі

Қазақстан Республикасы Президенті Протокол қызметінің бастығы

Марат Кенжеғалиұлы ӘШІМ

1987 жылы Алматы қаласында туған.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, 2010 жылы экономика және бизнес мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежелерін алған.

2010 жылы халықаралық қатынастар магистрі мамандығы бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын тәмамдаған.

2008-2009 жылдары «КФК – Service» ЖШС-де заңгер болып қызмет атқарған.

2009 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы.

2012-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің референті, сарапшысы, консультанты.

2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің инспекторы.

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің сектор меңгерушісі.

2018 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі бастығының орынбасары болып еңбек етті.

2023 жылдың 15 наурызында Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы болып тағайындалды.

Бірінші сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар және мемлекеттік наградалармен марапатталған.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару