Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент Палестина көшбасшысының бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы бағдары халық бірлігін сақтауға, ел егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуға қызмет етіп, екіжақты қарым-қатынас өркендей беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббастың жауапты қызметіне табыс, ал Палестина халқына құт-береке тіледі.