National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия  Сүлейменованы қабылдады

2023 жылғы 13 ақпан

Президентке еліміздегі гидрометеорологиялық жағдай мен су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы  мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына су тасқыны кезеңінде гидротехникалық нысандардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету шаралары жөнінде баяндалды. Осы мақсатта ведомство Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тексеру жұмыстарын жуық арада жүргізуді жоспарлап отыр.

Жалпы, республика аумағында барлығы 1806 гидротехникалық құрылыс  бар.  Жыл басындағы жағдай бойынша 1322 гидротехникалық құрылыс ғимараты тексерістен өткен, 471 нысан жөндеуді және жаңғыртуды  қажет етеді.

Сонымен қатар Зүлфия Сүлейменова броконьерлікке және орман ағашын заңсыз кесуге қарсы күрес шаралары күшейтіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі таңда министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде орман шаруашылығын дамыту мәселесін пысықтап жатыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы органдардың көктемгі су тасқынына әзірлік жұмыстарын бірлесе жүргізуі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ барлық гидротехникалық құрылыстарды құжаттау және түгендеу ісін жыл соңына дейін аяқтау қажет екенін айтты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

2026 жылғы 10 қараша

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Жарлық

2026 жылғы 03 қараша

Ә.Ж. Жанасова туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің