National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

2021 жылғы 22 желтоқсан

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының биылғы атқарған қызметінің негізгі өндірістік көрсеткіштері мен қаржылық қорытындылары туралы есеп берілді.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Қордың биылғы табысы 10,5 триллион теңге болады деп болжанып отыр. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 22 пайыз жоғары. Бұған мұнай бағасының көтерілуі, жүк тасымалы мен транзит көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ электр қуатын өндіру және тарату көрсеткіштерінің артуы негізгі фактор болды. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысына әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды қаржыландыруға қатысты тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, газбен және сумен қамту, көлік және энергетика салаларындағы 11 басым жобаның іске асырылу барысы туралы баяндалды. Қорды басқару кеңесі жобаларды мақұлдап, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына енгізді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің