Қасым-Жомарт Тоқаев Гиза қаласы маңында болған көлік апаты салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы қайтыс болғандардың туған-туыстарының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, бауырлас Мысыр халқына қолдауын білдірді.