National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары басталды

2021 жылғы 17 тамыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары Көк үйдегі ресми рәсімнен басталды.

Қазақстан Президентін Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті.

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылын бойлай өтіп, екі елдің туына тағзым етті және ресми делегациялардың құрамымен таныстырды.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 мамыр

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

2026 жылғы 06 мамыр

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 06 мамыр

Н.М. Нәлібаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің