Ұлттық жобалар мемлекеттік органдар шектеулі мерзімде елдегі аса маңызды міндеттерді шешу мақсатында әзірленеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылуда. Мақсаты: ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін көтеру. Жоба аясында 3 міндет іске асырылуда: ауылдық елді мекендерді нормативтерге сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету; ауыл тұрғындарына уақытылы шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұлғайту; ауылдағы денсаулық сақтау объектілерін медицина кадрларымен қамтамасыз ету. Мерзімі: 2023 – 2026 жылдар. Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін салу, 32 заманауи көпбейінді орталық аудандық аурухананы ұйымдастыру, медициналық объектілер үшін 1100 медицина қызметкерін даярлау күтілуде.