National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Еліміздің бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды

2022 жылғы 18 наурыз

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, азаматтарды қорғауда және құтқаруда көрсеткен жеке жанқиярлығы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көрсеткен көмегі үшін еліміздің бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, бизнес өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, волонтерлер бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жазушы Илья Жақановқа, еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа берілді.

«Отан» орденімен ақын Нұржан Светқали; І дәрежелі «Барыс» орденімен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібекұлы, ақын Нұрлан Оразалин; ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Алматы облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов, Күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов және басқалар наградталды.

«Парасат» орденімен мәдениет, ғылым және білім қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды. Олардың қатарында Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Кәрімбек Кұрманәлиев, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы Павел Афанасьев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Берік Әбдіғалиұлы, Еділ Жаңбыршин бар.

Спортты дамыту дирекциясы пауэрлифтинг командасының жетекшісі Сергей Цырульников ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

«Құрмет» орденімен саясаттанушы Данияр Әшімбаев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Адам құқықтары үшін хартияның атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі Ернар Еділбаев, белсенді Орынбасар Сейітов, «Мир Евразии» қорының президенті Эдуард Полетаев, Шымкент қаласы Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Ғалымжан Майханов, қоғам қайраткері Дәурен Тәліпов, жыршы Арғын Бисенов, Қ.Оспанов атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Нұржан Ермағамбетов, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Есенай Еспенбетов наградталды.  «Құрмет» орденіне жалпы 94 адам ие болды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Адырна» қорының президенті Арман Әубәкір, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз хатшысы Константин Музалевский, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы Ұларбек Нұрғалым марапатталды. Осы медальмен барлығы 25 адам наградталды. «Шапағат» медаліне 68 волонтер, меценат және басқа да азаматтар ие болды. Олардың қатарында журналист Александра Мыскина, «Үміт-Надежда» мүгедектер ұйымының төрағасы Дүйсенғали Оспанов, «Океан» ПИК жұмыскері Арлан Мүтішев, «Paybox.money» ЖШС департамент директоры Мария Чечина, Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенті Мерейбек Мағабилов, «Богатырь-Көмір» ЖШС жол машиналарын реттеуші Евгений Шарифуллин, волонтер Айгерім Досқалиева бар.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің