National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстан-Қытай консультациялары өтті

2026 жылдың 31 мамырында Астанада Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов пен Саяси бюро мүшесі, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси-құқықтық комиссиясының Хатшысы Чэнь Вэньциннің төрағалығымен қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстан-Қытай консультациялары өтті.

Құқық қорғау және арнайы орган басшыларының қатысуымен өткен жиын барысында бірқатар өзекті мәселе қаралды.

Тараптар халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің түрлі аспектілері, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия – Қытай» форматын қоса алғанда, халықаралық, сондай-ақ өңірлік құрылымдар шеңберіндегі үйлестіру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Трансшекаралық қылмыспен күрес, халықаралық лаңкестік және экстремизмге, сепаратизмге қарсы іс-қимыл салаларында бірлесе күш жұмылдыру қажеттігі айтылды.

Ғизат Нұрдәулетов пен Чэнь Вэньцин қазіргі қыр көрсетулер мен қатерлерге қарсы тұру, сауда-экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қауіпсіздік саласындағы диалогты жүйелі негізде дамыту, соның ішінде екі елдің күштік құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңызы туралы пікірлесті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару