Қазақстан Республикасының Көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес мақсат қою құжаты болып табылады және 2023 жылғы 2 ақпандағы № 121 Президент Жарлығымен бекітілген. Стратегияның негізгі мақсаты 2060 жылға қарай Қазақстан экономикасының климаттың өзгеруіне және көміртегі бейтараптығына қатысты орнықты дамуына қол жеткізу болып табылады. Стратегияның орта мерзімді мақсаты – 2030 жылға қарай парниктік газдардың шығарындыларын 1990 жылғы шығарындылар деңгейімен салыстырғанда 15 %-ға қысқарту (шартсыз мақсат) және экономиканы көміртексіздендіруге халықаралық қолдау алған жағдайда қысқартуды 25 %-ға жеткізу (шартты мақсат). Жеті қағидаттар: мақсаттылық, бірлік және тұтастық; техникалық-экономикалық негізділік; көшудің әділдігі; циркулярлы экономика; кезеңділік; ашықтық және қоғаммен өзара іс-қимыл; ұтымдылық (теңгерімділік). Төмен көміртекті дамудың негізгі бағыттары: Секторлық тәсілдер мен көзқарас (энергетика, өнеркәсіп, ауыл және орман шаруашылығы және т.б.). Қалдықтарды басқару. Қаржыландыру және «жасыл» инвестициялар. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар. Білім беру және қоғамдық сананың өзгеруі. Климаттың өзгеруіне бейімделу. Көміртекті реттеу жүйесі. Құжаттың толық мәтіні