Вице-Президент Ерлан Қарин Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Эдуардс Стипрайспен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған конституциялық реформаның қорытындыларына айрықша назар аударылды. Ерлан Қарин жаңа Конституцияның қабылдануы елді жүйелі жаңғыртудың жалғасы әрі саяси жүйені жаңартудың негізі екенін атап өтті. Вице-Президент конституциялық құндылықтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларының стратегиялық бағдарының негізін құрайтынын жеткізді.