National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

2016 жылғы 22 желтоқсан

Елбасы Қазақстан үшін Иран ислам әлеміндегі маңызды әріптес және достас ел екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Иранның ядролық қарусыздану мәселесін шешуге зор үлес қосып отырғанын айтып, санкциялар алынып тасталғаннан кейін бұл елдің экономикасы қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Иран тарапынан жүргізіліп отырған саясат Каспий жағалауында орналасқан барлық елге оң әсер ететіне сенім білдірді.

– Сіздің сапарыңыз биылғы сәуір айында Тегеранда басталған келіссөздеріміздің жалғасы болып саналады. Бүгінгі кездесулер де жемісті болады деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы екі ел арасында қол қойылған жалпы құны 1 млрд доллар болатын коммерциялық келісімдер аясындағы жобалардың іске асырылу барысына тоқталды.

– Жұмыс жүріп жатыр, дегенмен біз қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек. Алда әлі де көптеген бірлескен жобалар бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Иран Президенті өз сөзінде екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығайып, дами беретініне сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Ж.Х. Мәдиевті тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің