Тексты выступлений

12 мая 2017
Поздравительное слово Государственного секретаря Республики Казахстан Гульшары Абдыкаликовой на торжественном собрании Республиканского общественного объединения «Организация ветеранов», посвященном 30-летию со дня основания

Құрметті ардагерлер!

Құрметті қауым!

Баршаңызды Республикалық Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Аға буынды ардақтап, үлкенге құрмет көрсетіп, қарттарға қамқорлық жасау халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерінің бірі.

Тәуелсіздік жылдарында мемлекет тарапынан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік-рухани және моральдық-материалдық қолдау көрсетуге айрықша мән беріліп келеді. Қан майданда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ету, олардың өшпес ерлігін халыққа өнеге етіп, сол арқылы жастарды Отанды сүюге тәрбиелеу ісі де лайықты жолға қойылған. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев таяуда Ұлы жеңіс күніне орай Астанада өткен рәсімде сөйлеген сөзінде: «Біздің ардагерлерге деген құрметіміз олардың ұлы ерлігінен кем түспеуге тиіс. Жеңіске ең алдымен еліміздегі барлық халықтың бірлігінің, бауырмалдығының және достығының нәтижесінде қол жетті. Біз қазір де осы ұранмен өмір сүріп келеміз» деп атап көрсетті.

Бүгінгі таңда өзінің үшінші онжылдық белесіне көтерілген  республикалық ардагерлер ұйымы 1,8 миллионнан астам адамның  басын қосып отыр. Осы кезеңде республикалық ұйым өз тарапынан зейнет жасындағы  қариялардың қоғамдағы рөлін арттыруға және азаматтық құқықтарын қамтамасыз етуге қалтқысыз қызмет етіп келеді. Егемендіктің ширек ғасырдан астам уақытында ардагерлер ұйымы еліміздегі құрметті әрі абыройлы бірлестікке айналып, тәуелсіздікті нығайтуға сүбелі үлесін қосуда. Бұл сіздердің баршаларыңыздың еселі еңбектеріңіздің қомақты нәтижесі деп білемін. Сонымен бірге, осы беделді ұйымға әр жылдары жетекшілік еткен Шәңгерей Жәнібеков, Сағадат Нұрмағамбетов, Мақтай Сағдиев, Қайырбек Сүлейменов, Өмірзақ Озғанбаев сияқты қайраткерлердің де  өмірлік әрі кәсіби тәжірибелері арқылы республикалық бірлестіктің мәртебесін биіктетіп, мерейін өсірудегі қолтаңбаларын да айрықша атап өтуіміз керек. Бүгінгі таңда аталған игілікті жолды ардагерлер ұйымының жаңа басшысы, Мәжіліс депутаты Бақтықожа Салахаддинұлы Ізмұхаметов абыроймен жалғастырып келеді.

Уважаемые ветераны!

Забота о ветеранах, повышении качества их жизни была, есть и всегда будет одним из главных приоритетов социальной политики государства.

С каждым годом увеличиваются размеры пенсионных и иных социальных выплат.

Как вам известно, Глава государства в своем Послании к народу «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность» поручил с 1 июля 2017 года повысить пенсии для 2,1 миллиона пенсионеров до 20 % к уровню   2016 года.

Кроме того, назначение базовой пенсии будет осуществляться по новой методике, ее размер будет зависеть от стажа участия в пенсионной системе. Эти меры позволят к 2018 году увеличить в 1,8 раза размер базовой пенсии по сравнению с 2017 годом.

Наша главная цель – обеспечить высокий жизненный уровень народа, построить сильную мощную экономику, современное гражданское общество и стать одной из 30-ти самых развитых стран мира.

Құрметті ардагерлер!

Еліміз бүгінде жан-жақты жаңғырулар кезеңіне қадам басты. Қазақстанның саяси, экономикалық және рухани жаңғыруларының жаңа сатылары мемлекетіміздің жарқын болашағына жол ашуда.

Таяуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жастардың бәсекелік қабілетін арттыру, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығын қамтамасыз ету сияқты келелі міндеттерді белгіледі. Тұтастай алғанда, бұл міндеттер ұлттық жаңғыруды жүзеге асырып, мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт ретінде қалыптасудың берік тұғырына айналмақ. Бұл өршіл мақсаттарды орындауда сіздердің ғибратты жолдарыңыз бен тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз аса қажет деп ойлаймыз.  Сіздердің жол көрсетулеріңіз арқылы өскелең ұрпақтың ұлттық өресі өсіп, келешекте отаншыл тұлғалардың қалыптасатынына сенімдіміз.  

Бүгінгі бейбіт заманда өмірдің тек зейнеті мен жақсылығын көре берулеріңізге тілектеспін! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, ұрпақтарыңызға амандық тілеймін! Мерейлеріңіз үстем, мерейтойларыңыз құтты болсын!


Все тексты выступлений
 
Другие тексты выступлений
Все тексты выступлений