National Emblem of Kazakhstan

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Официальный сайт

Президента Республики Казахстан

Выступления


Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на торжественной церемонии открытия 7-х зимних Азиатских игр в Астане. 30.01.2011 г.

30 января 2011 года

Құрметті қонақтар!

Қымбатты спортшылар!

Қадірлі жанкүйер қауым!

Қазақстан халқы атынан 7-інші қысқы Азия ойындарына жиналған баршаңызды ыстық ықыласпен қарсы алғаныма қуаныштымын.

Әлем халқының тең жартысы мекендейтін Азия құрлығындағы бұл дүбірлі жарыс – биылғы жылдың ең үлкен спорт мерекесі.

Біз мұндай құрлықтық шараны ТМД және мұсылман елдері арасында тұңғыш рет өткізіп отырмыз.

Бұл жасампаз шараның қазақ жерінде өтуі – елімізге көрсетілген құрмет пен сенімнің жарқын айғағы деп білемін.

Бұл Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесінің беташар оқиғасы болады.

Менің шақыруымды қабыл алып, байрақты бәсекенің ашылуына келген мәртебелі меймандарға ризашылық білдіремін.

Азия Олимпиадалық Кеңесінің президенті Ахмад әл-Фахад әл-Сабах мырзаға және Халықаралық Олимпиада Комитетінің президенті Жак Рогге мырзаға алғыс айтамын.

Олимпиадалық ойындар бүгінде елдер мен халықтар арасындағы достықтың алтын арқауына айналды.

Байырғы байтақ мекенде бізді Азиада рухы жақындастыра түседі деп сенемін.

Бұл біздің «Мақсаты бірдің – рухы бір» деген ортақ ұранымызда көрініс тапқан.

Шығыс пен батысты жалғаған ұланғайыр қазақ жеріндегі Азиада ойындары Астана мен Алматыда қатар өткізіледі.

Еуразиядағы ізгілік пен бейбітшіліктің бесігіне баланған Астанада бүгін олимпиада алауы тұтанып отыр.

Елордамызда қысқа уақыт аралығында халықаралық  деңгейдегі ірі спорт кешендері пайдалануға берілді.

Өздеріңіз көріп отырған, 30 мың адамға арналып салынған осы «Астана-Арена» стадионы соның жарқын айғағы.

Ал Алматыдағы Медеу мен Шымбұлақта әлемдік талай рекордтар дүниеге келгенін баршаңыз білесіздер.

Мен осы Азиада ойындарында да көптеген рекордтар жаңарады деп сенемін.

 

Дорогие друзья!

Спорт не знает границ и объединяет народы.

В этом году впервые в истории зимних Азиатских игр, которые проводятся в Казахстане, число стран-участниц достигло двадцати семи.

Около тысячи спортсменов будут бороться за медали в одиннадцати видах спорта.

Зимними Азиатскими играми мы открываем мероприятия, посвященные 20-летию Независимости Республики Казахстан.

Только что был поднят флаг Олимпийского совета Азии, спортсмены и судьи принесли клятву.

И я желаю, чтобы в честной борьбе  победили самые достойные.

Болельщикам желаю больше интересных зрелищ и новых впечатлений.

Пусть благородный факел Азиады станет знаменем вечной дружбы.

 

Қадірлі қауым!

Осымен 7-ші қысқы Азия ойындарын салтанатты түрде ашық деп жариялаймын!

 

Астана, «Астана-Арена» спорт кешені, 30 қаңтар 2011 жыл


Вернуться назад Вернуться назад Twitter Facebook Печать

Законы

19 февраля 2024 года

Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Эстония о реадмиссии лиц»


Глава государства принял председателя правления АО «НК «QazaqGaz» Санжара Жаркешова

22 февраля 2024 года

Глава государства принял председателя правления АО «НК «QazaqGaz» Санжара Жаркешова

Указ

13 февраля 2024 года

О Малахове Д.М.


Tokaev

Президент Республики Казахстан