ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі үшін Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған Мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2026 жылғы 22 қазан № 1536