National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Ханзада Филиптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

2021 жылғы 10 сәуір

Қазақстан Президенті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Патшайымы ІІ Елизаветаға жұбайы Ханзада Филиптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эдинбург герцогі, Ханзада Филиптің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады. 

– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан  Ұлы Мәртебелі Патшайым Сіздің және барша британдықтардың қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамын. 70 жылдан астам уақыт бойы, әсіресе, Ұлы Мәртебелі Патшайым, Сіз таққа отырған сәттен бастап, Эдинбург герцогі тұрақты тірегіңіз және күш-жігеріңіздің сарқылмас көзі болды. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың құрметті батыры, бүкіл өмірін Біріккен Корольдік пен оның Тәжіне қызмет етуге арнаған, мұқтаж жандарға көмектесіп, Британия ұлтының, Достастық пен одан тыс жерлердегі халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосқан аса көрнекті, Жоғары Мәртебелі биік тұлға болды. Осындай қиын сәтте біздің дұғамыз Сіздің Ұлы Мәртебеңізге, Корольдік отбасыңызға, сондай-ақ, Ханзада Филипті білетін және қызметтес болған адамдарға арналды. Ол біздің жадымызда парасаттылық пен әділдіктің, батылдық пен өз халқына адалдықтың символы ретінде мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің