National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы


Мақсат – халыққа коммуналдық қызметтерді сенімді әрі сапалы көрсетуді және ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасындағы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды (желілер мен объектілерді) жаңғырту.

Міндеттері:

  •  энергетикалық және коммуналдық секторлардың инфрақұрылымын (желілер мен объектілерді) жаңғырту және салу;
  • цифрландырудың кешенді бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
  • орнықты және қолжетімді қаржыландыру тетігін құру;
  • ОТӨ өнімдерін барынша пайдалануды қамтамасыз ету;
  • тарифтік жүктеменің халық шығыстарына әсерін төмендету.

Іске асыру мерзімі: 2025 – 2029 жылдар.

Жоба энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы 200-ден астам кәсіпорынды қамтиды. Нәтижесінде инфрақұрылымның тозу деңгейін
40 %-ға дейін төмендету, ал авариялар санын 20 %-ға қысқарту жоспарлануда.

Жобаны іске асыру барысында отандық өндірушілерді қолдау, есепке алу аспаптарын қолдану, сондай-ақ қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің үлесін бақылау көзделген.

Жалпы күтілетін нәтиже – энергиямен жабдықтау мен коммуналдық қызметтердің сенімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ қаражаттың жұмсалуына ашық бақылауды қамтамасыз ету.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару