National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин Германия Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказ елдері бойынша уәкілі Маттиас Люттенбергпен кездесті

Кездесу барысында Ерлан Қарин мен Маттиас Люттенберг Қазақстан мен Германия арасындағы әріптестіктің қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Германияны Еуропа мен Еуропа Одағындағы маңызды стратегиялық әріптесі санайтынын, екі ел арасындағы көпжоспарлы ықпалдастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін айтты.

Сонымен қатар, Ерлан Қарин еліміздің саяси жаңғыруына қатысты жоспарлар мен Мемлекет басшысының жаңа экономикалық бастамаларын жүзеге асыру жайында мәлімет берді.

Өз кезегінде, Маттиас Люттенберг Мемлекеттік хатшыға кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Германия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды ілгерілетудің әлеуеті зор екенін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады

2026 жылғы 02 сәуір

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы