National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Денис Тенді құттықтау жеделхаты

2014 жылғы 15 ақпан

 

Нұрсұлтан Назарбаев миллиондаған қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Денис Тенді Сочиде өтіп жатқан XXII қысқы Олимпиадалық ойындарда қола медаль жеңіп алуымен құттықтады.

«Біздің бәріміз әлемнің ең үздік мәнерлеп сырғанаушылары арасындағы тартысты бәсекеге ұласқан мұз айдынындағы сенің өнеріңді демімізді ішке тарта отырып бақылаумен болдық. Сен біздің үмітімізді ақтап, еліміз тарихында алғаш рет спорттың осы түрінен олимпиадалық награданы жеңіп алдың», – делінген құттықтау жеделхатында.

Соңында Мемлекет басшысы Д.Тенге зор денсаулық және спорт саласында жаңа табыстар тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің