National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

2015 жылғы 16 қаңтар

 

Ө.Шөкеев Қордың қазіргі қызметі мен негізгі бағдарламаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы қазіргі экономикалық жағдайда Қордың тиімді әрі орнықты жұмыс істеуі маңызды екенін айтты.

– Еліміздің экспорттық тауарларына баға төмендеген кезеңде жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз еткен жөн. Осы орайда жоспарланған жекешелендіру, активтерді қайта құрылымдау бағдарламаларын, шығыстарды қысқартуды және табысты ұлғайтуды қамтитын шараларды сапалы жүзеге асыруды жалғастыру  маңызды болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Қордың 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын қайта қарауды, сондай-ақ дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды.

Ө.Шөкеев шығыстарды қысқартуға бағытталған, стратегиялық маңызы төмен бірқатар инвестициялық жобаларды тоқтатуды қамтитын шаралар туралы айтты.

– Биыл біз өнімдеріміздің өзіндік құнын 7,8 пайызға, барлық ағымдағы және әкімшілік шығындарды 20 пайызға, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды 18 пайызға төмендетуді жоспарладық, – деді басқарма төрағасы.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің