National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының Парижде өткен 21-сессиясының қорытындысы бойынша жасаған мәлімдемесі

2015 жылғы 15 желтоқсан

 

Қазақстан 2015 жылы 12 желтоқсанда Париж қаласында Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптарының 21-конференциясының қорытынды құжатының қабылдануын құптайды. БҰҰ-ға мүше 196 мемлекеттің делегаттары ауқымды жұмыс атқарды және қазіргі заманғы қауіптер мен сын-қатерлер алдындағы бірлігін тағы да көрсетті.  Біз БҰҰ-ның осы көпжылдық күрделі келіссөздер үдерісіне қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалаймыз.

Жаһандық климаттың өзгеруі мәселелерін шешу орнықты дамуды қамтамасыз етудің, кедейшілікті еңсерудің және әлемнің барлық елдерінің әлеуметтік-экономикалық игілікке қол жеткізуінің негізгі шарттары болып саналады.

Климат саласында жаңа әмбебап келісімнің қабылдануы қатысушы мемлекеттердің температураның көтерілуін индустриялық кезеңге дейінгі уақытпен салыстырғанда цельси бойынша 2 градусқа дейін шектеу арқылы қоршаған ортаның тозуына жол бермеуге деген әзірлігін айғақтайды.

Қазақстан ұлттық және өңірлік ауқымдағы экологиялық проблемалармен белсене күресіп жатқан ел ретінде осы тарихи оқиғаға айрықша мән береді.

Біз әлемдік қоғамдастықтың барлық мүшесімен бұл салада өзара тығыз іс-қимылды дамытуды, сондай-ақ Париждегі Климаттық саммитте мақұлданған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді жақтаймыз.

Қазақстан өз міндеттемелерін орындауға және Парниктік қалдықтарды азайту жөніндегі жаңа келісімді имплементациялау ісіне өз үлесін қосуға әзір. Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен Климат жөніндегі конференция мақсаттарымен тікелей үндесетін Мамандандырылған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу біздің елдің маңызды үлесі болып саналады.

Жаңа мыңжылдықта барша адамзат тағдырындағы аса ірі саммиттің бірін дайындауға және табысты өткізуге қосқан үлесі үшін Француз Республикасы Үкіметіне ризашылық білдіремін.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің