National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2018 жылғы 21 қараша

Комиссияның кезекті отырысында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды.

Мемлекеттік хатшы Тәуелсіздік жылдарында 1 миллионнан астам адам біздің елдің азаматтығын алғанын айтты.

Г.Әбдіқалықова осынша адамның азаматтық алуы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы басшылығының және биылғы жолдауда айтылғандай, «экономикасы қарқынды дамып келе жатқан прогрессивті заманауи мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуіміздің» арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Гүлшара Әбдіқалықова Тұңғыш Президент күні қарсаңында жаңа отандастарымызға бақ-береке мен табыс тілеп, олардың егемен еліміздің дамуына өз үлес қосатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, жиында Ішкі істер министрлігінің азаматтық мәселелер жөніндегі жұмысының нәтижелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия тиісті шешімдер мен ұсыныстар қабылдады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің