National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Чех Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Бедржих Копецкимен кездесуі

2014 жылғы 15 қаңтар

 

Мемлекеттік хатшы ынтымақтастыққа және қазақ-чех қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Чехия елшісіне алғыс айтты.

М.Тәжин екі елдің өзекті халықаралық мәселелер жөнінде ұстанымдары ұқсастығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық аясын кеңейту жөніндегі жаңа базалық келісімді әзірлеуге орай екіжақты байланыстарды сапалы жаңа деңгейге шығаруға алғышарттардың бар екенін айтты.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың оң ахуалы мен перспективаларын қанағаттарлықпен атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің